1. Абай ауданы әкімінің 2015 жылдың 28 желтоқсанындағы № 8 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 29 желтоқсанында № 3585 тіркелген, 2016 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "Абай Ақиқат" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
2. Абай ауданы аумағында ауа райының тұрақталуына байланысты аудандық азаматтық қорғаныс қызметі күнделікті жұмыс тәртібіне ауыстырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |