Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 8 тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. Қарағанды облысы Абай ауданының Абай қаласында, Қарабас кентінде, Ақбастау ауылдық округінде және Курмин ауылдық округінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою комиссияның басшысы болып Абай ауданының әкімінің орынбасары Карин Абсалям Еңбекұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |