1. Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 24/04 "Абай ауданының мемлекеттік мекемелерінің Ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 21 тамызда № 3386 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 қыркүйектегі № 36 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 13 сәуірде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізеледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |