1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы В.Абилсеитоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Шайжанов |
Аудан әкімдігінің қаулысына қосымша 2016 жылғы 3 мамырдағы № 22/01 |
Осакаров ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Осакаров ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 19/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-64 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінде 2007 жылғы 26 мамырдағы жарияланған);2. "Осакаров ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 03/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-162 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінде 2012 жылғы 25 ақпандағы жарияланған);
3. "Аудан әкімдігінің 2012 жылдың 1 ақпандағы "Осакаров ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 03/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" аудан әкімдігінің 2012 жылғы 14 тамыздағы № 29/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-15-174 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінде 2012 жылғы 3 қыркүйегінде жарияланған);
4. "Ауданда халықтың нысаналы топтары және оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша 2016 жылға арналған қосымша шаралары туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 68/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3622 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 қаңтардағы "Сельский труженик" аудандық газетінде, 2016 жылғы 1 ақпандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі жарияланған).