Аудан әкімдігінің 2012 жылдың 1 ақпандағы "Осакаров ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" N 03/02 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 тамыздағы N 29/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 тамызда N 8-15-174 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы N 22/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 03.05.2016 № 22/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2012 жылдың 1 ақпандағы "Осакаров ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-15-162 болып тіркелген, "Сельский труженик" аудандық газетінде 2012 жылдың 25 ақпанда N 8 (7284) жарияланған) N 03/02 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырып келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "Осакаров ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
       1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Осакаров ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайызы көлемінде квота белгіленсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Рахметуллаұлы Бикеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Осакаров ауданының әкімі
С. Аймақов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады