1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 373 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4571 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 қаңтарында "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған);
2) "Қызылорда облысы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 888 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 5 мамырында № 4972 болып тіркелген).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |