Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 29 қарашадағы N 373 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 қаңтарда N 4571 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 311 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 26.01.2016 № 311 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы N 651 Жарлығына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылорда облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Жайсанбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2013 жылғы "29" қараша N 373
қаулысымен бекітілген

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары

      1. Осы Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалар негізінде әзірленген және Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің негізгі мінез-құлқының стандарттарын белгілейді.
      2. Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қоятындығын ескере отырып, мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiнің (Мемлекеттiк қызметшiлер қызмет этикасының қағидалары), сондай-ақ, осы Қағидалардың талаптарын қатаң сақтау қажет.
      3. Мемлекеттiк қызметшiлер:
      1) мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенiмiн сақтауға және нығайтуға;
      2) жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
      3) азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептiлiк танытуға;
      4) мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс iстеуiне кедергi жасайтын iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiне құрметпен қараудың үлгiсi болуға;
      6) заңдарда белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
      7) мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық мiндеттерiн адал және кәсiби деңгейде атқаруға;
      8) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсiз болуға;
      9) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;
      10) кадрларды туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
      11) қарамағындағы мемлекеттiк қызметшiлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнiң шеңберiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
      12) басқа адамдарды құқыққа қайшы терiс қылықтар немесе жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормалармен сыйыспайтын iс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;
      13) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерiне жол бермеуге және олардың жолын кесуге мiндеттi.
      4. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқару кезеңiнде ресми мiнез-құлық нормаларын сақтауға тиiс, сондай-ақ, қызметтiк жағдайын және онымен байланысты мүмкiндiктердi коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың мүддесiне орай, оның iшiнде оларға өзiнiң көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс.
      5. Мемлекеттiк қызметшiлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиiс. Мемлекеттiк қызметшiлер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iс-әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге тиiс.
      6. Мемлекеттiк орган қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның басшысы немесе мемлекеттiк органның уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдары жүзеге асырады. Мемлекеттiк қызметшiлер пiкiрталастарды әдептi түрде жүргiзуге тиiс.
      7. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк саясатты жүргiзуге және мемлекеттiк органның қызметiне қатысы жоқ мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан жарияланымдарына жол берiлмейдi.
      Педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет жөнiнде материалдар жариялауды мемлекеттiк қызметшi жеке тұлға ретiнде өз атынан жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады