1. "Қызылорда облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 773 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4844 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 қаңтарда "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |