"Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 маусымдағы №3630 қаулысының күшін жою туралы

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 4826 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 маусымдағы № 3630 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5063 тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдедегі № 57 "Ақмешiт апталығы", 2015 жылғы 29 шілдедегі № 30 "Кызылорда Таймс" газетерінде және 2015 жылғы 07 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Қызылорда қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесін Қызылорда облысының Әділет департаментіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалына жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы А. Шәменов

О признании утратившим силу постановления акимата города Кызылорда от 09 июня 2015 года № 3630 "Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов города Кызылорда"

Постановление акимата города Кызылорда Кызылординской области от 11 января 2016 года № 4826

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" акимат города Кызылорды ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившим силу постановление акимата города Кызылорда от 09 июня 2015 года № 3630 "Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" местных исполнительных органов города Кызылорда" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5063, опубликовано в газетах "Ақмешіт апталығы" от 29 июля 2015 года № 57, "Кызылорда таймс" от 29 июля 2015 года № 30 и в информационно-правовой системе "Әділет" от 07 августа 2015 года).
      2. Государственному учреждению "Аппарат акима города Кызылорда" в установленном законодательством порядке обеспечить направление копии настоящего постановления в недельный срок со дня его подписания в Кызылординский департамент юстиции и Кызылординский филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" министерства юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.
      Исполняющий
      обязанности акима города А. Шаменов