1. "Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 09 маусымдағы № 3630 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5063 тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдедегі № 57 "Ақмешiт апталығы", 2015 жылғы 29 шілдедегі № 30 "Кызылорда Таймс" газетерінде және 2015 жылғы 07 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Қызылорда қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бір апта мерзімде оның көшірмесін Қызылорда облысының Әділет департаментіне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімінің | |
міндетін атқарушы | А. Шәменов |