1. Қоса берiлiп отырған "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi бекiтiлсiн.
2. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесiн бекiту туралы" Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 29 шiлдедегi № 2145 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4749 тіркелген, 2014 жылғы 27 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 27 тамыздағы № 33-34 "Кызылорда Таймс", 2014 жылғы 30 тамыздағы № 50 "Ақмешіт ақшамы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 2-тармағы алып тасталсын.
3. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |
2016 жылғы 17 мамырдағы №5368 Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
1. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi ауылдық округ әкiмiнiң iс-қимылын, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады."Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкiмдiгi болып табылады.
2. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң ведомстволары бар:
1) "Ақсуат ауылдық округi әкiмi аппаратының жанындағы "Ақсуат мәдениет Үйi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны;
2) "Сыр самалы" балабақшасы мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны.
3. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң өкiмдерi мен шешiмдерiмен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120013, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жақыпбек Махамбетов ауылы, Адыран Найзағараев көшесi, №20.
10. Мемлекеттiк органның толық атауы - "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi.
"Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi жұмыс кестесi: сенбi, жексенбi және заңнама актiлерi мен бекiтiлген басқа демалыс және мереке күндерiнен бөлек, күн сайын дүйсенбiден жұмаға дейiн сағат 09.00-ден 19.00-ге дейiн (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейiн үзiлiс).
Демалыс күндерi: сенбi, жексенбi.
11. Осы Ереже "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн каржыландыру республикалық және жергiлiктi бюджеттерiнен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (сметасынан) жүзеге асырылады.
13. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: - атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын ауылдық округтi дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзудi қамтамасыз ету.15. Мiндеттерi:
Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, облыс, қала әкiмдiгiнiң қаулыларын, облыс, қала әкiмдерiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, облыстық және қалалық мәслихаттардың шешiмдерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және ауылдық округ аймағындағы орналасқан кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң және азаматтардың оларды жүзеге асырғанына бақылау жасау;
ауылдық округтiң және ауылдық экономикалық жағдайын тұрақтандыру мен көтеру үшiн жағдай жасау, әлеуметтiк ахуалды жақсарту, нарықтық қатынастарды, жеке кәсiпкерлiктi, республикалық, облыстық және қалалық бағдарламаларды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн зерттеу және қорыту;
қалалық және облыстық әкiмдiктер мен мәслихаттармен, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, партиялармен, конфессиялармен және азаматтармен өзара қарым қатынастарды қамтамасыз ету;
ауылдық округ әкiмiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау, ауылдық округ әкiмi аппаратының қызметiн одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
мекеменiң заңды тұлғамен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның, заңды тұлға мен тиiстi саланың уәкiлеттi органымен өзара қарым-қатынастары, заңды тұлғаның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары қолданыстағы заңдылыққа сәйкес реттеледi;
ауылдық округ әкiмi белгiлейтiн өзге мiндеттердi жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары:
әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
ауылдық округi әкiмiнiң тапсырмасы бойынша ауылдық округiнiң әкiмi аппаратының және ауылдық округi әкiмiнiң мүдделерiн соттарда көрсету және қорғау, прокурорлық қадағалау актiлерiн қарау;
азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
салықтарды және бюджетке басқа мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу;
әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылыуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;
мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;
қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;
дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;
жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
ауылдық округi әкiмiнiң iс-қимылын құжаттамалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, iс құжаттарды жүргiзу;
iс-жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықты, аппарат жұмысын реттейтiн басқа құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету;
ауылдық округ әкiмiнде кеңестердi ұйымдастыру, кеңес хаттамаларын, материалдарды рәсiмдеу және тарату;
ауылдық округi әкiмiнiң хаттамалық құжаттарын және тапсырмаларын, шешiмдерi мен өкiмдерiн дер кезiнде рәсiмдеу, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысы бар актiлердi мемлекеттiк тiркеуге ұсыну;
азаматтарды "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнде жеке қабылдауды ұйымдастыру;
гендерлiк саясатты жүргiзу және сақтау және гендерлiк аспектiлердi қарау;
жергiлiктi қоғамдастықпен өздерiнiң көрсетiлген кезеңге арналған халықтың тұрмыс-тiршiлiгi мен елдi мекеннiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырады;
сайлауалды бағдарламаларына енгiзiлген мiндеттерi мен жоспарларын жүзеге асырады;
қала әкiмi аппаратының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес персоналды басқарудың бiрыңғай қызметiне (кадр қызметi) бағынады, тиiстi кадрлық есептерiн бередi;
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы;
Әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қала бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;
басқаруына берiлген коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;
берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;
берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
берiлген коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;
басқаруына берiлген коммуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;
берiлген коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;
кiрiс көздерiн қалыптастырады;
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмдердiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;
жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;
мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;
қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi;
Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де мәселелердi шешедi.
2) ведомстволардың функциялары:
"Ақсуат ауылдық округi әкiмi аппаратының жанындағы "Ақсуат мәдениет Үйi" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорынның функциялары:
халық шығармашылығын, этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, насихаттау, олардың осы заманғы тарихи және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларға бейiмдеу;
Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелердi, концерттердi, ән-би мерекелерiн, тұсаукесерлердi, фестивальдердi, конкурстарды, айтыстарды, халықтың қолданбалы және бейнелеу өнерi көрмелерiн ұйымдастыру;
ғылыми - практикалық, ақпараттық - әдiстемелiк жұмыстарды ұйымдастыру;
мәдени-демалыс қызметiндегi және халық шығармашылығындағы озық тәжiрибенi зерделеу, қорыту, таныту, енгiзу мен тарату;
аудандық, облыстық, өңiрлiк, республикалық, халықаралық мерекелерге, фестивалдарға қатысу арқылы халық шығармашылығының үздiк ұжымдарын насихаттау;
этномәдени бiрлестiктердi қолдау;
мәдени-демалыс қызмет саласындағы ұлттық мәдениеттердi сақтауға және дамытуға бағытталған инновациялық жобалар мен бағдарламаларды, әртүрлi мәдени акцияларды, бастамашылықтарды қолдау.
"Сыр самалы" балабақшасы мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынның функциялары:
балалардың өмiрiн және денсаулығын қорғау;
тәрбиеленушiлердiң дене, зияткерлiк және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететiн оңтайлы жағдайлар жасау;
сапалы мектепалды даярлықты қаматамасыз ету;
азаматтылықты, Қазақстандық отаншылдықты, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеудi, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу;
баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшiн отбасымен өзара iс-қимыл жасау;
ата - аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтiк және әдiстемелiк көмек көрсету болып табылады;
инклюзивтiк бiлiм берудi ұйымдастыру.
17. Құқықтары мен мiндеттерi:
Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi өзiнiң құзыретi шегiнде:
тиiстi аумақта орналасқан меншiк нысанының түрiне қарамастан кәсiпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан ауылдық округi әкiмiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпараттарды, құжаттарды, материалдарды, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер алуға;
ауылдық округ әкiмiнiң құзырына кiретiн мәселелердi шешу кезiнде тиiстi мамандарды тартуға;
стратегиялық жоспарды және (немесе) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиынының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға;
"Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және өзге ұйымдармен, оның iшiнде арнайы байланыс және көрсеткiштердi беру жүйесiн пайдаланып, құпия және қызметтiк жазбаларды жүргiзу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң алдында жауап бередi.
"Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық сипатындағы туғызатын iс әрекеттер жасағаны үшiн ауылдық округ әкiмi дербес жауап бередi.
"Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады және статистика органдарына статистикалық деректердi мүлдем ұсынбаған, уақытылы ұсынбаған, толық емес ұсынған деректерi үшiн ауылдық округ әкiмi дербес жауап бередi.
3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
18. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiндегi басшылықты "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауылдық округ әкiмi жүзеге асырады.19. Ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
20. Ауылдық округ әкiмiнiң өкiлеттiгi:
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң бекiткен лимитке сәйкес аппарат қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және одан босатады;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекiтiлген тәртiпке сәйкес "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар бередi;
"Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
"Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қаржы, құқықтық, әкiмшiлiк-шаруашылық және басқа да құжаттарына қол қояды;
"Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң жұмысының iшкi тәртiбiн белгiлейдi, оның орындалуына бақылау жасайды;
нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасайды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;
гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады.
"Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнде ауылдық округ әкiмi болмаған кезiнде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
21. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
22. "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсуат ауылдық округi әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.