1. Қызылорда қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Қызылорда қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 2970 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4921 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 наурыздағы, "Ақмешiт апталығы" газетінде 2015 жылғы 01 сәуірдегі №24, "Кызылорда Таймс" газетінде 2015 жылғы 01 сәуірдегі №13 жарияланған);
2) "Қызылорда қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 2970 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 шілдедегі № 3978 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5111 тіркелген, "Ақмешiт апталығы" газетінде 2015 жылғы 26 тамыздағы №65, "Кызылорда Таймс" газетінде 2015 жылғы 26 тамыздағы №34, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 қыркүйекте жарияланған);
3) "Қызылорда қаласы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 06 наурыздағы № 2970 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 5080 қаулысы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАЛА ӘКІМІ | Н. НӘЛІБАЕВ |