Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
2014 жылғы 22 тамыздағы № 201 "Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2496 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған);
2015 жылғы 13 мамырдағы № 143 "Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлерін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2731 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А. К. Рзаханов) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | С. Алдашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының ауыл
шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б. Ерсайынұлы
"01" сәуір 2016 жыл.