Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы" 2014 жылғы 10 қарашадағы № 276 Маңғыстау облысы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркеліп, "Огни Мангистау" газетінде 2014 жылғы 27 желтоқсанда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А.К. Рзаханов) осы қаулының көшірмесін бір апта мерзімде Маңғыстау облысының Әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
С.Б. Нарешова
2016 жылғы "01" маусым