Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашада № 276 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 2555 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 01 маусымдағы № 156 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы әкімдігінің 01.06.2016 № 156 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 234/НҚ бұйрығымен бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді анықтау әдістемесінің 8-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі анықталсын.
      2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж.Ұ. Ұланова) осы қаулының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.Л. Илмұханбетоваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының экономика
      және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ж.Ұ. Ұланова
      2014 жылғы 10 қараша

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 10 қараша
№ 276 қаулысына
қосымша

Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесі

№ р/с
Аудан атауы
 
Ауылдық округтің атауы
Ауылдық елді мекеннің атауы
Халық саны, адам
1
Бейнеу
Боранқұл
Боранқұл ауылы
6855
2
Бейнеу
Ақжігіт
Ақжігіт ауылы
2759
3
Қарақия
 
Жетібай ауылы
12229
4
Маңғыстау
Жыңғылды
Жыңғылды ауылы
2387
5
Маңғыстау
Өтес
Сайөтес ауылы
2175
6
Түпқараған
 
Ақшұқыр ауылы
7189

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады