Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, қалалық прокуратураның 2016 жылғы 29 ақпандағы №2-110107-16-01969 наразылығы және Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 10-09/537 ақпараттық хаты бойынша, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 819 "Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2257 санды тіркелген, 2013 жылғы 13 шілдеде "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі | С.Трұмов |