Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 10-11-663 хаты бойынша қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 824 "Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2463 санды тіркелген, 2014 жылғы 8 шілдеде "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ө.С. Бисақаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі | С.Трұмов |