Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 06 маусымдағы № 824 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 маусымда № 2463 болып тіркелді. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 02 наурыздағы № 322 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 02.03.2016 № 322 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде, "Ақтау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне алдағы үш жылдық кезеңге арналған жергілікті бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
      3. "Ақтау қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Т. Ильясова) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Т. Елтизаровқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Е. Жаңбыршин

  Ақтау қаласы әкімдігінің
06 маусым 2014 жылғы
№ 824 қаулысына қосымша

Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару НОРМАТИВІ

      Қаланың коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативі бойынша былайша айқындалады:

Таза табыс 3000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 100 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1000 000 001 теңгеден және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

      
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Ақтау қалалық жолаушылар
      көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Ж.Б. Құбашев
      06 маусым 2014 жыл

      "Ақтау қалалық қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысының м.а
      Н. К. Курманбаева
      06 маусым 2014 жыл

      "Ақтау қалалық тұрғын үй
      коммуналдық шаруашылығы және
      тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      С.К. Амангельдиев
      06 маусым 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады