Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 21 мамырдағы № 146-қ "Мұнайлы ауданының аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-52 болып тіркелген, "Мұнайлы" газетінде 2009 жылы 3 шілдеде жарияланған) қаулысы;
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 153-қ "Мұнайлы ауданының аумағында жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда орындарының, алаңдардың (алаңқай) орнын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2449 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 маусымда "Мұнайлы" газетінде жарияланған) қаулысы.
2. Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімі (Н. Жұпбанова) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Әкім | Н. Тәжібаев |