Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 25.03.2016 № 66-қ қаулысымен(қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мелекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Мұнайлы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 14/144 "Аудан көлемінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы қолдау көрсету ережесінің орындалысы туралы" шешіміне сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы көлемінде ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдерін сату мақсатында (ет, сүт, көкөністер т.б.) әр аптаның сенбі күні сайын жәрмеңке ұйымдастырылсын.
2. Жәрмеңкені ұйымдастыру "Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығының міндетін атқарушы Т.Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.
3. Қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Т. Асауовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Әкімнің міндетін атқарушы | Е.Әбілов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылық бөлімі
бастығының міндетін атқарушы
Т.Ж. Көшмағанбетов
25 мамыр 2009 ж.