Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 268-қ "2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2882 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г. Ақниязова) бір апта мерзімде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Әкім | Н. Тәжібаев |