"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 8-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 855 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-2-166 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қазанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов