"Әкімдіктің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 855 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 216 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 8-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 855 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-2-166 болып тіркелген, 2010 жылғы 15 қазанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады