"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге байланысты Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір:
"Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29а (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 12 науырызда № 9-3-80 болып тіркелген, 2008 жылғы 21 наурыздағы № 12 (189) "Арқалық хабары" газетінде жарияланған);
"Қала әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29а "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 24 ақпандағы № 94 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 14 наурыздағы № 4495 болып тіркелген, 2014 жылғы 04 сәуірде № 13 (503) "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Ғ. Бекмұхамбетов