Қала әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29а "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 94 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 наурызда № 4495 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 29.01.2016 № 40 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабы 3–тармағын және 18-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Конституциялық Заңының 1–бабы 11-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабына сәйкес, қолданыстағы нормативтік құқықтық актісімен сәйкестендіруге байланысты Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29а "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-80 тіркелген, 2008 жылғы 21 наурызда "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы";
      2) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Азаматтық қызметші болып табылатын, ауылдық елді мекендерде істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.";
      3) аталған қаулының қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық
      қаласының әкімі                            Ғ. Бекмұхамедов

Қостанай облысының     
Арқалық қаласы әкімдігінің 
2014 жылғы 24 ақпандағы   
№ 94 қаулысына қосымша   

Қала бюджеті есебінен азаматтық қызметші
болып табылатын, ауылдық елді мекендерде жұмыс
істейтін және жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық
жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар әлеуметтік
қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және
ветеринария саласындағы мамандарға
лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
      1) әлеуметтік қызметкер;
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) директор;
      2) оқу бөлімі бойынша, тәрбие бөлімі бойынша, ғылым бойынша директордың орынбасары;
      3) балабақша меңгерушісі;
      4) әдіскер;
      5) дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы;
      6) оқытушы;
      7) балабақшадағы тілдер оқытушысы;
      8) оқытушы–психолог;
      9) қосымша білім беру педагогы;
      10) әлеуметтік педагог;
      11) алғашқы әскери даярлық бойынша ұйымдастырушы-педагог;
      12) кітапхана меңгерушісі;
      13) кітапханашы;
      14) аға жетекші;
      15) тәрбиеші;
      16) логопед;
      17) музыка жетекшісі;
      18) лаборант;
      19) дәрігер;
      20) мейірбике
      21) диеталық медбике.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) директор;
      2) библиограф;
      3) кітапханашы;
      4) хореограф;
      5) әдіскер;
      6) ауыл клубының меңгерушісі;
      7) мәдени ұйымдастырушы;
      8) музыкалық жетекшісі;
      9) сурет жетекшісі.
      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) спорт жөніндегі әдіскер.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) мал дәрігері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады