1. Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
2006 жылғы 10 мамырдағы № 251 "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы23 маусымда № 9-3-35 болып тіркелген, 2006 жылғы 07 шілдеде "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде жарияланған);
2008 жылғы 11 наурыздағы № 52 "Әкімдіктің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 251 "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 04 сәуірде № 9-3-84 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 сәуірде "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ғ. Бекмұхамедов |