Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Аркалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 111 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге байланысты Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      2006 жылғы 10 мамырдағы № 251 "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы23 маусымда № 9-3-35 болып тіркелген, 2006 жылғы 07 шілдеде "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде жарияланған);
      2008 жылғы 11 наурыздағы № 52 "Әкімдіктің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 251 "Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 04 сәуірде № 9-3-84 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 сәуірде "Арқалық хабары" қалалық апталық газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады