"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына, 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 220 "Азаматтық қызметші болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін бiлiм беру саласындағы мамандарға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 4733 тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Кезектен тыс
сессияның төрағасы И. Неявко
Қалалық
мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова