Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 15.01.2016 № 400 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатынған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 137 "Красногор ауылында жұмыс істейтін білім беру азаматтық қызметшілеріне жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4209 тіркелген, 2013 жылғы 22 тамызда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХV сессияның төрағасы А. Демисенов
Қалалық мәслихат хатшысы Г. Жарылқасымова
КЕЛІСІЛДІ
"Лисаков қаласы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Н. Турлубекова