"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 23 ақпандағы № 215 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5434 тіркелген, "Әулиекөл" аудандық газетінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс
сессияның төрайымы А. Кеңесбаева
Аудандық
мәслихаттың хатшысы А. Бондаренко