Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 215 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 наурызда № 5434 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 5 ақпандағы № 305 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 05.02.2016 № 305 шешімімен (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкалар аудандық бюджет қаражаты есебінен белгіленсін.
      2. Мәслихаттың 2014 жылғы 19 наурыздағы № 137 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауданның ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4596 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірде "Әулиекөл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы

А. Кеңесбаева

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы

А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ___________________Печникова Т.И.                       

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады