1. Күші жойылды деп:
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы № 207 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын белгiлеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4490 болып тіркелген, 2014 жылдың наурызында № 12 "Айна" газетінде жарияланған) танылсын.
2. Заңмен белгіленген тәртіпте осы шешімнің көшірмесі әділет органдарына жолдансын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Кезектен тыс | |
сессия төрағасы | С. Лысоченко |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | Е. Аманжолов |