Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі 238-бабының 2-тармағын орындауда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық бюджеті қаражаты есебінен қалалық жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын, азаматтық қызметшілердің төлемақы және ставкасын салыстыру жөнінде ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 163 "Ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (мемлекеттік тіркеу № 4278, "Айна" газетінде 2013 жылдың 7 қарашасында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессия төрайымы |
М. Тукпатуллина |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Е. Аманжолов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданы әкімдігінің
қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________ И. Захария
"Қарабалық ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
__________________ Г. Есенова