1. Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 334 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3940 тіркелген, 2012 жылғы 20 желтоқсанда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Ионенко |