"Нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарлатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5401 тіркелген, "Нұрлы жол" аудандық газетінде 2015 жылғы 27 наурызда жарияланған) Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 72 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Сарсембаев