Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 72 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 5401 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 05.01.2016 № 1 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18–бабына238-бабының 3-тармағына сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақыларын мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 85 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, лауазымдық айлықақылары мен тарифтік ставкалары кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4774 тіркелген 2014 жылғы 12 маусымда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.
 
 

      Ұзынкөл ауданының әкімі

А. Ыбраев


Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 3 наурыздағы
№ 72 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін
лауазымдық айлықақыларын мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға
жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын бөлімшесінің, филиалының басшысы;
      2) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімше меңгерушісі;
      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
      5) жұмыспен қамту орталығының маманы.
      2. Білім беру саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) мектеп, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың, қосымша білім беру ұйымының директоры;
      2) мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      3) дене тәрбиесінің басшысы;
      4) алғашқы әскери даярлық басшысы;
      5) жалпы білім беретін мектептердін, мектеп–интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың, оқу, оқу-өңдірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
      6) барлық мамандықтар мұғалімдері;
      7) тілдерді мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім;
      8) әлеуметтік педагог;
      9) педагог-ұйымдастырушы;
      10) кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);
      11) қосымша білім беру педагогы;
      12) педагог-психолог;
      13) аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);
      14) музыкалық жетекшісі;
      15) оқу орнының аға тәлімгері;
      16) оқу-тәрбие, оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;
      17) оқу-өндірістік (оқу) шеберхана меңгерушісі;
      18) зертхана, кабинет меңгерушісі;
      19) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
      20) білім беру ұйымдарының әдіскері, аға әдіскер;
      21) өндірістік оқыту шебері;
      22) аға шебер;
      23) медициналық бике;
      24) кітапханашы;
      25) кітапхана меңгерушісі;
      26) алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушысы.
      3. Мәдениет саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшысы;
      2) бөлімше басшысы;
      3) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      4) сектор басшысы;
      5) хормейстер, концертмейстер;
      6) барлық атаудағы техниктер;
      7) бас кітапханашы, кітапханашы, библиограф;
      8) мәдени ұйымдастырушы;
      9) аккомпаниатор;
      10) көркемдік жетекші;
      11) хореограф;
      12) әдістемеші, нұсқаушы.
      4. Спорт саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) қосымша білім беру ұйымының директоры;
      2) білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директорының (меңгерушісінің) орынбасары;
      3) медициналық бике;
      4) оқыту қызметімен тікелей айналысатын жөніндегі спорт жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;
      5) спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
      5. Ветеринария саласындағы мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринарлық дәрігері;
      2) ветеринарлық фельдшер.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады