1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында таралатын шетелдiк мерзiмдi баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 161/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4553 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды;
осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |