1. Шарбақты ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларын күші жойылған деп танылсын:
1) 2015 жылғы 28 шілдедегі "Шарбақты ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 212/7 қаулысы (2015 жылғы 6 тамыздағы "Маралды" және "Трибуна" № 34 газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 қыркүйекте № 4685 тіркелген);
2) 2016 жылғы 4 сәуірдегі "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 89/2 қаулысы (2016 жылғы 21 сәуірде "Маралды" және "Трибуна" № 16 газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 5075 тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Р. Неғманова |