Шарбақты әкімдігінің кейбір қаулыларын күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 202/4 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шарбақты ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларын күші жойылған деп танылсын:
      1) 2015 жылғы 28 шілдедегі "Шарбақты ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 212/7 қаулысы (2015 жылғы 6 тамыздағы "Маралды" және "Трибуна" № 34 газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 4 қыркүйекте № 4685 тіркелген);
      2) 2016 жылғы 4 сәуірдегі "Шарбақты ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 89/2 қаулысы (2016 жылғы 21 сәуірде "Маралды" және "Трибуна" № 16 газеттерінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 5075 тіркелген).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушыға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Неғманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады