1. "Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Петропавл қаласы әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 11 шешімінің (Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 3696 тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 16 (594) "Қызылжар нұры", 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 16 (636) "Проспект СК" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Петропавл қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі заңнамамен белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесі қалалық аумақтық кіші жүйесінің қызметі күнделікті жұмыс тәртібіне ауыстырылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 20 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |