"Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Петропавл қаласы әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 11 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 18 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Петропавл қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. "Петропавл қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" Петропавл қаласы әкімінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № 11 шешімінің (Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 3696 тіркелген, 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 16 (594) "Қызылжар нұры", 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 16 (636) "Проспект СК" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Петропавл қаласы әкімі аппаратының заң бөлімі заңнамамен белгіленген тәртіпте Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесі қалалық аумақтық кіші жүйесінің қызметі күнделікті жұмыс тәртібіне ауыстырылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау осы саланы басқаратын қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 20 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Қала әкімі М. Тасмағанбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады