1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 413 "2016 жылы Айыртау ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылғаны танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 08 қантарда № 3532 болып тіркелген, 2016 жылдың 21 қаңтарында "Айыртау таңы", "Айыртауские зори" аудандық газеттерінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Науановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Тастеміров |