1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топқа жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 106 қаулысының (2016 жылғы 28 наурыздағы № 3666 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 16(634) "Қызылжар" газетінде, 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 16(5572) "Маяк" газетінде жарияланған);
2) "2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 576 қаулысының (2016 жылғы 14 қаңтардағы № 3554 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 4(622) "Қызылжар" газетінде, 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 4(5560) "Маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ж.Х. Ақылбековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауданының әкімі | Б. Жұмабеков |