1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары күшін жойған деп танылсын:
"Мамлют ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы №203 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 15 маусымда № 13-10-138 болып тіркелген, "Солтүстік жұлдызы" 2011 жылы 18 маусымда № 27 және "Знамя труда" 2011 жылы 18 маусымда № 27 аудандық газеттерде жарияланған;
"2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №407 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылы 20 қаңтарда №3571 болып тіркелген, "Солтүстік жұлдызы" 2016 жылы 29 қаңтарда № 5 және "Знамя труда" 2016 жылы 29 қаңтарда № 5 аудандық газеттерде жарияланған.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары А.К. Рамазановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Бекшенов |