Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларын күшін жойған деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 120 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары күшін жойған деп танылсын:
      "Мамлют ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" 2011 жылғы 16 мамырдағы №203 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 15 маусымда № 13-10-138 болып тіркелген, "Солтүстік жұлдызы" 2011 жылы 18 маусымда № 27 және "Знамя труда" 2011 жылы 18 маусымда № 27 аудандық газеттерде жарияланған;
      "2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №407 Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің қаулысы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2016 жылы 20 қаңтарда №3571 болып тіркелген, "Солтүстік жұлдызы" 2016 жылы 29 қаңтарда № 5 және "Знамя труда" 2016 жылы 29 қаңтарда № 5 аудандық газеттерде жарияланған.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары А.К. Рамазановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Е. Бекшенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады