"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасындағы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27–бабын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 01-06-13/12 ұсынысы негізінде, Нарын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Нарын ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 6 "шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3526 тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымда "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ауылдық округінің әкімі: | Р. Такенов |