"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Нарын ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Исатай ауданы Нарын ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 10 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасындағы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27–бабын басшылыққа алып, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Исатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 01-06-13/12 ұсынысы негізінде, Нарын ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нарын ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 6 "шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3526 тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымда "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ауылдық округінің әкімі: Р. Такенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады