1. Индер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 258-ІV "Салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-6-110 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2011 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
2. Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 319-V "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Индер ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3394 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХVІ сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы |
Б. Сапаров |