Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 ақпандағы № 350-V шешімі

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес және Атырау облыстық Әділет департаментінің ұсынысын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Индер аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 258-ІV "Салық ставкаларын белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4-6-110 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2011 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 319-V "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Индер ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3394 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
ХХХVІ сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы
Б. Сапаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады