1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 1765 "2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3841 тіркелген, 2016 жылғы 2 қыркүйекте "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғ.Құрманбайға жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Баймухановқа жүктелсін.
Қала әкімі | Ғ.Әбдірахымов |